Аскаридоз. Аурудан сақтанудың жолдары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нағима Шатаева айтып берді.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елордада ересек адамда аскаридоздың бір жағдайы тіркелген. Ал 2020 жылы дәл осындай жағдай бір балада кездескен. Көбінесе аскаридозды жұқтыру себептері жуылмаған көкөніс, аскөк, жидектерді тағамға пайдаланған кезде орын алады, - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Сондай-ақ ведомство өкілі қауіпті жұқпалы дерттің жұғу жолдары мен одан сақтану тәсілдеріне тоқталды. 

 

Аскаридоз қалай орын алады? 

Адам ағзасындағы паразитизация, дөңгелек құрттар асқазан-ішек жолдары, өкпе, қан және жүйке жүйесі тарапынан әртүрлі бұзылулар тудырады. Дөңгелек құрттар – барлық гельминттер сияқты өте күшті аллергендер. Сондықтан аурудың ерте кезеңі 2 аптаға созылады. Әртүрлі аллергиялық реакциялармен, дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуімен, қалтырауымен, бас ауруымен сипатталады. Сондай-ақ құрғақ жөтел, ентігу, кеудедегі ауырсыну ерте кезеңге тән.

Аскаридоздың кеш (ішек) кезеңі көбінесе асқазан-ішек жолдарының белгілерімен бірге орын алады: науқастарда тәбет төмендейді, жүрек айну, іштің ауыруы, нәжістің бұзылуы пайда болады.

Әсіресе   аскаридалар балалар денсаулығы үшін өте зиян. Балаларда бас ауруы, шаршау, есте сақтау мен назардың нашарлауы байқалады. Аскаридозы бар балаларда қызылша, дифтерия сияқты жұқпалы ауруларға толық иммунитет қалыптаспайды.

Аскаридтерді жұқтырған адамдарда қиын әрі ауыр емделетін өзге ауру түрлері де (мысалы: дизентерия, туберкулез) ушыға түседі. Сондықтан қайталап ауырып қалудан барынша аулақ болу керек. 

 

Аскаридозды жұқтырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

1. Жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау және ерте жастан бастап балаларға санитарлық-гигиеналық дағдыларды үйрету (саусақтарын ауызға салмау, тырнақтарын қысқа кесу, тырнақтарыңызды тістемеу, тамақтанар алдында дәретханаға барғаннан кейін, ойыннан соң қолды сабындап жуу).  

2. Қолданар алдында жасыл шөптерді, көкөністерді, жемістерді, жидектерді бірнеше рет суда немесе ағынды судың астында мұқият жуып, толық кепілдік беру үшін қайнаған сумен де залалсыздандыру.

3. Көкөніс бақшалары мен бақтарды  зарарсыздандырылмаған лас тыңайтқыштармен тыңайтуға  қатаң тыйым салынады. 

4. Баланың аузына топырақ салмауын қадағалау. Далада ойнап болған соң  міндетті түрде қолдарын жууға үйрету.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы