Асқар Тынысбеков тұтынушылар құқықтарындағы өзгеріс туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлім етті.
Ол Мемлекет басшысы «халық бірлігі және жүйелі реформалар өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ұлттық даму жоспарының аясында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты 25 міндет айқындалғанын атап өтті.
Тынысбековтың айтуынша, аталған жоспар комитеттің басты бағыттарның бірі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың негізгі мақсаты: тұтынушыны, кәсіпкер-тұтынушы, қарым – қатынасының әлсіз жағы ретінде қорғау. Осы мақсатқа қол жеткізу, тұтынушылардың қанағаттануы мен әл-ауқатын қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік тәуекелдердің мүмкіндігін болдырмайды,- дейді Тынысбеков.
Оның мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін, министрлік Қазақстан Республикасы заңнамасына тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулердің 1 пакетін әзірледі.
2020 жылғы 25 маусымда ҚР Заңына еліміздің Президенті қол қойды, - дейді Сауда және интеграция тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
100 жасқа келген өнер қайраткеріне жаңа куәлік табысталды
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы