Асқар Мамин Қырғыздың Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының Премьер-министрі, Президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.  

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. 

ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы