Асқар Мамин дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.  

Елордадағы «Астана» концерт залында орналасқан №138 сайлау бөлімшесіне Премьер-министр Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келді. 


Үкімет басшысы аталған сайлау учаскесінде тіркелгенін растап, бюллетень алып, дауыс берді.


Учаскеде санитарлық нормалар барынша мұқият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тексеруде. Әлеуметтік қашықтықтың сақталуы да сәт сайын ескертіліп жатыр. 


Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлық шығарған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы