Асқар Мамин әкімдіктерге тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету мәселесіне назар аудару қажеттігін айтты.
Премьер-министр алдымызда 2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты.
Оны шешу жолдары «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы мен өңірлерді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында көзделген. Осы жылдың қорытындысы бойынша ауызсумен қамтамасыз етілу ауылдарда – 91,8 пайыз, қалаларда – 98 пайыз болады. Сонымен қатар, қалған ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен өңірлер жұмысты жандандырып, келесі жылы орташа республикалық деңгейге қол жеткізуі тиіс. Әсіресе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары, - деді Мамин.Асқар Мамин атағандай, бұл ретте елді мекендердің ішінде сумен жабдықтау жобаларын іске асыру топтық су құбырларының инфрақұрылымын салу жоспарларымен бір уақытта жүргізілуі тиіс.
Әкімдіктер ауылдарды сумен жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы уақытылы әзірлеу жұмыстарын жандандырсын. Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыс қарқынын арттыру қажет. Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу аспаптарын орнату есебінен тұрғындардың елеулі қаражаты үнемделіп, су шығыны мен қызмет көрсету шығындары азайды. Осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлерінде де қолдану қажет, - деді Үкімет отырысында Асқар Мамин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері Шымкентте 305 егіз дүниеге келген
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы