Асқар Мамин 2020 жылдың қаншалықты қиын болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл - соңғы 100 жылдағы ең дағдарыстық кезең болды. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.
Үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Парламентпен бірлескен тиімді жұмыс жүргізіп отыр. 2020 жыл - халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша соңғы 100 жылдағы ең дағдарыстық кезең болды. Коронавирус пандемиясы әлемдік экономиканың даму жағдайын және оның құрылымын түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар, жаңа әлеуметтік-экономикалық үрдістер қалыптасты, - дейді Асқар Мамин.
Ол ауқымды және уақытылы қолдау шараларының арқасында 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуін 2,6 пайызға дейін, ал негізгі капиталға инвестициялардың азаюын 3,4 пайызға шектеуге мүмкіндік болды деп отыр.
Былтырғы жылғы күрделі жағдайға қарамастан, жылдық инфляцияның 7,5 пайыз, жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде болуын қамтамасыз еттік. Бұл көрсеткіштер жалпы әлемдік көрсеткіштерге қарағанда айтарлықтай жақсы. Халықаралық резервтер 4 пайызға өсіп, 94,3 млрд долларды құрады. Ал алтын-валюта резервтері 23,1 пайызға өсіп, 35,6 млрд доллар болды. Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 58,7 млрд долларды құрап отыр, - дейді Үкімет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сингапур жағалауларынан қазына толы екі кеме табылды
Өзгелердің жаңалығы