"Әсіресе ерлерге керек": Қан донорлығы инфаркт пен инсульттың алдын алады

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев үнемі донор болып, қан тапсырып жүретін адамдарға донорлықтың пайдасы мол екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші тапсырғанда стресс болады. Содан кейін ағза оған үйренеді. Үнемі донор болатын адамдардың асқазан-ішек жолдары жақсы жұмыс істейді. Сонымен қатар қан тамырларына байланысты аурулар азаяды. Жылына 3-4 рет қан доноры болатын адамдарда 80-85 пайызға инфаркт, инсульт аурулары жойылады. Бұл – ғылыми түрде дәлелденген факт, - деді ол.

Дулат Имашпаев дүние жүзі бойынша қан донорларының 70 пайызы ерлер екенін айтты. Сондай-ақ әйелдермен салыстырғанда ерлерге қан доноры болу әсіресе қажет екенін атады.

Негізінен әйелдердің қаны ай сайын жаңарып тұрады. Ал ер адамдарда ондай жоқ. Сондықтан ер адамдарға негізінен жылына 3 рет қан тапсырып тұру керек, - деді ол.

Айта кетейік, 14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Осы күннің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында ТҒӨО баспасөз қызметі Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен БАҚ өкілдеріне Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметімен таныстыратын пресс-тур өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы