Ashyq жүйесінен 400-ден астам кәсіпкерлік екі аптаға шеттетілді – Мұқаш

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш елорданың брифингінде айтты.

Қазіргі уақытта Ashyq жүйесіне тіркелген кәсіпкерлер саны 10 566-ға жетті. Кеше ғана 8 мың кәсіпкер болған. Демек бір тәулік ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкер Ashyq жобасына тіркелді. Жалпы 4 мыңға жуық кәсіпкер бас дәрігердің қаулысында көрсеткен жеңілдіктерге ие бола алмайды. Олар бас дәрігер айтқан тәртіп бойынша жұмыс істейді, - деді Мұқаш. 

Оның айтуынша, Ashyq бойынша жауапты жұмыс істеп жатқан 108 көшбасшы кәсіпкерлік тіркелген.

 

Олар 33-бұйрыққа орай жұмыс уақытын екі сағатқа ұзартып, 10 пайыздық келушілерге көбейте алады. Ashyq бойынша 359 кәсіпкерлік және фиксациясы 0 болған 80 кәсіпкерлік екі аптаға жүйеден шеттетілді. Қаулы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігінен ажыратылады. 1 шілдеден бастап МВК-ның жаңа алгоритмі бойынша мониторингтік топтар өздерінің бақылауын «infokazakstan» сайтына міндетті түрде тіркеуі керек, - деді ол.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы