Ашық сағат алаңы: Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің мәселелері талқыланды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов арнайы экономикалық аймақ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында арнайы экономикалық аймақ қатысушылары түйіткілді мәселелерді ортаға салып, олардың бірлесіп шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынылып отырған жаңа шаралар талқылауға шығарылды.
Атап айтқанда, салық және кеден жеңілдіктерін беру барысында сараланған тәсіл енгізу, арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларының қаржылық қамтамасыз етілуін бастапқы кезеңде растау, қызметтің басым түрлерінің тізбесін кеңейту рәсімдерін бюрократиясыздандыру және аралас жеңілдікті режимді енгізу шараларын қамтиды.
Жиын барысында басқарушы компаниялар мен бизнес өкілдері айтылған ұсыныстар бойынша қолдау білдірді. Кездесуді қорытындылай келе айтылған ұсыныстарды бірлесіп пысықтау туралы шешім қабылдадық, - деп түйіндеді ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.