«Ashyq»: Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесімен 300-ге жуық адам ұшпақ болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн түрде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева хабарлады. 

Конференция барысында «Ashyq» жобасы жұмысына тоқталған ол жоба арқылы індеттің таралуының алдын алуға мүмкіндік туғанын алға тартты.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 252 оқиға, ал Алматы қаласының әуежайында 171 оқиға тіркелді. Онда азаматтардың мәртебесі оң болып, оған қарамастан олар ұшуға тырысқан. Ал «Ashyq» жобасы кем дегенде 15 мың қазақстандықтың өмірін індеттен құтқаруға жол ашты, - деді Салтанат Лесбаева.
Айта кететін жайт, оқшаулауға жататын келушілер анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Бұған «қызыл» мәртебесі барлар басты көрсеткіш болып табылады. Ал ең абзалы, карантиндік шараларды қатаң сақтап, адамдар көп шоғырланатын орындарға қажет болмаса бармаған жөн. Санитарлық дәрігерлер маска қолданып, қашықтықты сақтауды ұсынып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы