Ashyq: «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.
Сонымен қатар, өкінішке қарай, халықтың бұрынғыша бейқам екендігі байқалады. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар объектілерге баруды жалғастырып жүр. Біз КВИ-дің алдын алудың негізгі шаралары, яғни маска тағуды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды доғардық, - деді министр.
Цойдың мәліметінше, «Ashyq» бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам келуші анықталды. Оның ішінде 13 516-ы ПТР тестінің оң нәтижесі бар науқас және 9 688-ы байланыста болған адам.
Бүгінгі күні бірқатар өңірде ковидтік стационарларда орын толық, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне алып келеді. Бұл халықтың медициналық көмекке уақтылы қол жеткізуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін және өлімнің, аурудың және инфекцияның одан әрі таралуына әкеледі, - деді Алексей Цой брифингте.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр Цой республиканың барлық өңірінде вирус жұқтырғандар саны артқанын айтқан болатын. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес өлім-жітім мен індет жұқтырудың 65 пайызы Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркеліп отыр.