Ashyq қосымшасына қосылуға бір аптада 5 мыңға жуық кәсіпкер өтініш берді – Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпай, әрі қарай жалғастыру қарастырылған. Осыған орай, Ashyq қосымшасы іске қосылып отыр. Кешегі мәлімет бойынша 1658 кәсіпкерлік субъект қатысып отыр. Кешегі күннен бастап Үкіметтің шешімі бойынша барлық өңірге таратылды. Бізге 670 қосымша өтініш келіп түсті. Бір аптаның ішінде 5 мыңға жуық кәсіпкер өтініш білдірді, - деді Абылай Мырзахметов.

Ол атағандай, кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық өте жоғары болып отыр. 

Бір жылдан бері кинотеатрлар жұмысын тоқтатып тұрған еді. Бүгінгі таңда 48 өңірде кинотеатр жұмысын бастады. Алда келе жатқан Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары болып отыр. «Астана балет», «Астана Опера» театрларымен де қосымшаның жұмысы ықшамдалды. Осыған орай көптеген өңірде де театрлар да іске қосылады деп үміттенеміз, - деді ол.

Оның айтуынша, қосымшаға ерікті түрде қосылам деген кәсіпкерлер өз өтініштерін білдіріп отыр.

Оларға «қызыл» және «сары» аумақтарда қосымша арқылы жұмыс істеуге болады. Өз еркімен қатысатындарға ешқандай жеңілдік берілмейді. Бірақ қауіпсіздік сақтауға мүмкіндік ашады, - деді ол.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы