Ашылатын нысандар қандай талаптарды сақтауы керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
Үкімет өңір әкімдіктерімен бірге елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстайды. Карантин талаптарынан кейін бірінші кезеңде іске қосылатын кәсіпорындар тізімі жасалды. Бұл сауда орталықтары мен сауда үйлері, жабық өндірістік және өндірістік емес нарықтар, бала кабинеттері мен түзету орталықтары, шаштараз, мектепке дейінгі кезекшілік топтар, сұлулық салондары. Алдағы екі аптада кәсіпкерлік субъектілері осыған дайындық жұмыстарын жүргізулері тиіс. Бұл мәселе "Атамекен" ҰКП-мен келісілді. Әр нысан бойынша санитарлық режимнің жеке шаралары әзірленеді, - деді ол.
Тоғжанов атағандай, 5 тамызға дейін ДСМ жұмысқа кірісетін нысандарға қатысты санитарлық талаптарды жариялайды.
Талапқа сәйкес, бизнес субъектілері қатаң санитарлық талаптарды ұстанады. Маска тағу режимі, әлеуметтік арақашықтық, антисептик орнату, нысанның белгіленуі арқылы толтыруы сынды талап қойылады. Ашылу алдында әрбір нысанды әкімдіктер мен қоғам белсенділері, кәсіподақ ұйымдары, "Атамекен" ҰКП тексереді. Барлық талап сақталған кезде ғана кәсіпорынның ашылуына рұқсат беріледі. Ашылған соң, бұл талаптар үнемі тексеріледі. Егер талаптар орындалмаса, айыппұл салынып, нысанның жабылуы да мүмкін, - деді ол.
Тоғжанов атағандай, халық жаңа сын-қатерлерге бейімделуі керек.
5 айдың ішінде талай мәселе көтерілді. Адамдарға аурудың қаупі түсіндірілді. Тыйым салынғанға қарамастан, қарапайым талаптар сақталмай отыр. Қазір тоқтау керек. ІІМ деректері бойынша, 4,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Тойлар мен туған күндер, түнгі клуб, ойын-сауық мекемелері бұзушылық жасаған. Маска тақпағандар да анықталды. Жақсы кезеңде бас қосылады. Уақытша барлығын тоқтата тұру керек қазір, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды – Тоғжанов
Өзгелердің жаңалығы