Қашықтан оқыту форматындағы үй тапсырмасы орынсыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте айтты.

Бала дәстүрлі форматта білім алғанда, оның мектепте оқитыны анық, оған сабақ барысында белгілі бір сабақтар беріледі. Ол тапсырмаларды орындайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Ол жұмыс осылай ретпен жүргізіледі. Содан кейін үйге қайталау үшін қосымша тапсырмалар беріледі, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның ойынша, қашықтан оқыту форматындағы үй тапсырмасы орынсыз.
Ал бала қашықтан білімнің өзін үйде алып отыр. Оған үйден орындайтын оқу тапсырмаларынан бөлек, тіпті екі еселенген мөлшерде тапсырма беру орынсыз. Сондықтан балаларға артық салмақ түсірмеу үшін біз әдістемелік нұсқаулық жасадық. Ондай жұмыстар шетелдік мемлекеттерде де жасалғанын көрдік. Енді оқу мен үй тапсырмасын бөлу туралы әңгіме жоқ. Тек оқу тапсырмасы ғана бар. Оның өзі үйде оқып жатқандарға үйде беріледі. Сондықтан тапсырманың көлемі министрлік ұсынысынан асып кетпеуі керек. Онда әр сыныптың жас ерекшелігі бойынша тапсырмалардың көлемі нақты көрсетілген - деп жауап берді министр..

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы