Қашықтан оқыту. Ата-аналар қолдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі пандемия жағдайына қарамастан, бала білімнен қол үзбеу керек.

Осындай пікірді бүгін "Қашықтан оқыту - оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе" тақырыбында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың қатысуымен өткен онлайн-брифинг барысында Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы айтты.

"Қашықтан оқыту - оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе" атты веб-конференция форматында өткен жиналысқа ата-ана ретінде Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы, ақтаулық үш оқушының анасы Ақбөбек Жолбасарова қатысты. Сондай-ақ, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, химия пәнінің мұғалімі Жігер Телеуханов, танымал тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей және блогер Алмас Тоқабаев қащықтан оқытуға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, қазір әлемде 1 млрд 400 млн-ға жуық бала мектепке бара алмай отыр. Бірақ бала білімнен қол үзбеуі керек. Карантин басталған кезде балаларды оқыту форматына қатысты Үкімет тарапынан қабылданған шешімдермен келісемін. Балалар мерзімінен ерте демалысқа жіберілді. Білім және ғылым министрлігі ақылы сайттарды тегін қылып, жаңа мүмкіндіктер берді, – дей келе, Нәзия Жоямергенқызы пандемия жағдайында қашықтан оқыту форматын қолдайтындығын айтты.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы ата-ананың бұл пікірімен толықтай келісіп, білім саласы бойынша мемлекеттік комиссияға ұсынылған барлық шешімдердің жылдам қабылданғандығы туралы айтып жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы