«Ашық әкімдік» шарасына елордалық 600-ге жуық тұрғын қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ашық әкімдік» шарасына Нұр-Сұлтан қаласының 600-ге жуық тұрғыны қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр және Есіл аудандарында "Ашық әкімдік" шарасы өтті. Шараға аудан әкімдері және жауапты мекемелердің басшылары қатысты. "Ашық әкімдік" шарасында тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жалдамалы пəтер,үлескерлік құрылыс, десаулық сақтау, мектепке дейін және жалпы білім беру, кəсіпкерлікпен шұғылдану, жұмысқа орналастыру, мекенжайлық әлеуметтік көмек бойынша қайта есептеу сұрақтарымен 573 азаматтың жеке мәселелері қарастырылып, оларға заң аясында көмек көрсетілді.

Сарыарқа ауданына -222 адам, Алматы – 110 адам, Байқоныр – 143 адам, Есіл ауданына - 98 адам келді.  Оның ішінде 100-ге жуық көпбалалы жəне ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналары болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы