Аштық пен соғысқа қарамастан 900 мың палестиналық Газадағы үйлерін тастамаған

Израильдің әуе шабуылдары мен қырып-жою әрекеттеріне қарамастан, 900 мыңнан астам палестиналық Газа қаласы мен солтүстік аудандарын тастап кетпей отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu-ға сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Израильдің күштеп қоныс аударту саясаты халықаралық құқыққа қайшы екені айтылған. Соңғы күндері шамамен 270 мың адам үйлерін тастап, оңтүстікке кеткен, алайда олардың 22 мыңы қайта оралған, өйткені оңтүстікте өмір сүруге жағдай жоқ.

Израиль армиясы "қауіпсіз аймақ" деп атаған Эль-Меваси ауданының өзі 110-нан астам әуе соққысына ұшыраған. Соның салдарынан 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Үкіметтің мәліметінше, Израиль карталарында сектордың небәрі 12%-ы ғана "қорғаныс аймағы" ретінде белгіленген, ал онда 1,7 млн-нан астам адамды орналастыру көзделуде. Бұл – күштеп көшірудің бір бөлігі және халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу деп бағаланады.

Газа билігі халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен құқықтық институттарды Израильдің әрекеттерін тоқтатуға және бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды.

Сонымен қатар Израиль әскери өкілі 480 мың палестиналықтың Газа қаласынан оңтүстікке көшірілгенін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы