АШМ: Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жоспары 10 ай ішінде орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев хабарлады. Оның айтуынша, республика аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне аурудың 68 түрі енгізілген.
Олардың 45 түрі бойынша Қазақстан қолайлы эпизоотиялық жағдайға ие. Ал 23 түрі бойынша диагностика және вакцинация бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Республика аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта вакцинация жүргізіледі, - деп атап өтті Бауыржан Абызбаев.
Сондай-ақ ол вакцинациялау шараларына да тоқталды.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес биыл 153,98 млн жануарларды, соның ішінде құстарды 22 ауруға қарсы вакцинациялау үшін 7,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні 138,1 млн вакцинациялық іс-шаралар жүргізілді немесе 10 айдағы жоспардан 90% көрсеткішті құрайды, - деді комитет төрағасының міндетін атқарушы.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде зиянды арамшөптерді өңдеуге 33 млрд теңгеге жуық субсидия берілгені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы