АШМ несиелік серіктестіктен шығу тәртібін жеңілдетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлердің өтініші бойынша несиелік серіктестігіне кіру және шығу рәсімдерін барынша қарапайым ету үшін заңнаманы өзгертті.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға осы жылдың 28 қарашасында қол қойды. Жаңа заңға сәйкес несиелік серіктестіктер мүшелерінің жалпы жиналысында жаңа мүшелерді қабылдау (шығару), сондай-ақ несиелік серіктестіктің Жарғысын өзгерту немесе жаңа редакцияда бекітуге құқық береді.

Бұрын жаңа қатысушыны қабылдау немесе шығару үшін несиелік серіктестіктің барлық мүшелерін жинау қажет болатын. Бұл айлар емес, жылдарға созылып кететін іс-шара болатын. Енді жаңа заңға сәйкес осындай рәсім несиелік серіктестік басқармасының құрамына кіретін бірнеше адамның қатысуымен қысқа мерзімде жүзеге асады. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі аталмыш өзгерістер несиелік серіктестіктерінің қызметін жақсарту үшін жасалғанын атап өтті, - делінген ақпаратта.

Несиелік серіктестіктері - бұл ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз несиелеуді жүзеге асыратын қаржы кооперативтері. Бұл бірлестіктер тек өз қатысушыларына несие береді. Олардың мақсаты – оңтайлы шарттар арқылы өзара қаржылық көмек көрсету. Бұдан басқа, несиелік серіктестіктер тапқан пайданы өз қатысушыларына дивидендтер түрінде қайтарады.

Қаражат қызметтердің сапасы мен түрлерін жақсартуға немесе ұсынылатын кредиттік ресурстардың құнын төмендетуге бағытталуы мүмкін. Несиелік серіктестіктері арқылы өсімдік және мал шаруашылықтары ғана емес, сонымен қатар ауылдағы ауыл шаруашылығы емес кәсіп түрлері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы қаржыландырылады.

Ауыл халқын қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі географиялық жақындығы болып табылады. Несие алу үшін қалаға барудың қажеті жоқ, өз ауданында жақын жердегі несиелік серіктестікке жүгіну жеткілікті. Банктер немесе микроқаржы ұйымдары жоқ жерде, Несиелік серіктестіктер бар, - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы