АШМ: Картоп 130 теңгеден сатылып жатыр, баға түсті

Мәжіліс кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков елдің барлық өңірінде картоп бағасы 115-130 теңге аралығында екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол картопқа дүрбелеңіне байланысты әкімдіктермен мониторинг жүргізгенін, нәтижесінде барлық үй маңындағы дүкендерде бағалардың түсіп жатқанын жеткізді.

Нарыққа картоп тұрақтандыру қорларынан шығарылып жатыр. Өнімнің құны 115-130 теңге аралығында. Ал арнайы дүкендерде, үй маңындағы дүкендерде баға осындай. Тұрақтандыру қорлары бұл дүкендерді қажетті картоппен қамтамасыз етіп отыр. Әрине, картоптың коммерциялық бағасы да болуы мүмкін. Жуылған, іріктелген, арнайы қапталған картоптардың бағасы басқа болуы мүмкін, - деді вице-министр кулуарда.

Оның айтуына қарағанда, тұрақтандыру қорларында картоп жеткілікті. Сонымен бірге картоп пен басқа да маңызды әлеуметтік өнім түрлеріне баға қымбаттамайды.

Картоп бағасына экспорттық ажиотаж әсер етті. Елде картоптың қымбаттауына еш негіз жоқ, - дейді вице-министр Тасжүреков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы