АШМ ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етудің нақты шараларын қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда маусым айында зауыттардың жедел деректеріне сәйкес, қант өндірісі шамамен 38 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қант зауыты – 18 мың тонна, Көксу зауыты – 9 мың тонна, Меркі қант зауыты – 11 мың тонна. 

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Маусым айында үшінші елдерден бажсыз әкелуге арналған квота шеңберінде 23,5 мың тонна өнім импортталды. Әкімдіктердің деректері бойынша маусым айының басында қорлардағы көлем 28,9 мың тоннаны құрады. Ауыспалы қор шілде айының басында 27,2 мың тоннаны көрсетті. Зауыттардың деректеріне сәйкес, шілдеде 37 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, ал оның импорты 39,7 мың тонна болады деп күтіліп отыр. 

Бұған қоса, 11 шілдедегі көрсеткіш бойынша республикадағы қант қоры 26,8 мың тонна.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі өніммен қамтамасыз ету үшін 250 мың тонна көлемінде қант пен құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квота бөлді, қалған 100 мың тоннаны бөлуге өтінімдер қабылданып жатыр. Квоталардың қолданылу мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылып, төрт жұмыс тобы құрылып (зауыттар, облыс әкімдіктері, ҚР ҚМ МКК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ) шеңберінде қант көлемдерін өңірлерге жедел бөлу жүзеге асырылады, қант өндіру мен жеткізудің апта сайынғы кестесі пысықталып отырады. Сондай-ақ  өңірлердің қантпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүзеге асырылады, жүкті уақтылы кедендік ресімдеу жүзегізіліп, тораптық станцияларда тұрып қалуды болдырмау мақсатында қант пен шикізатты тасымалдау процесі қадағаланады. 

Сондай-ақ Үкімет отандық қант нарығындағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады, оған жоспар аясында қант қызылшасын егу алаңдарын ұлғайту, суару желілерін қайта құру және салу, қант зауыттарын жаңғырту, ішкі нарықты қорғау, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шаралар кіреді. Сонымен бірге, қант қызылшасын қайта өңдеуге өткізуді субсидиялау нормативі ұлғайтылады, құрақ шикізатының импорты кезінде ҚҚС-ты нөлге түсіру және қызылша қантын өндіруге ҚҚС-ты 70% - ға төмендету және құрақ қантына осы жеңілдікті тарату бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту.

Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінде ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы