АШМ инспекторлары Ираннан келген 62 тонна қиярды жойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.
ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – "Батыс гүлді трипс" вирустық зиянкесін анықтады. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынды. 62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық кәсіпкер тұрғындарға тегін маска таратты
Өзгелердің жаңалығы