АШМ халықаралық ынтымақтастықты нығайтты

2024 жылғы 19 қарашада БҰҰ-ның Бакудегі климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы (COP29) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі климатқа тұрақты Ауыл шаруашылығын ілгерілетуге және азық-түлік жүйелерін климаттық сын-тегеуріндерге бейімдеуге өзінің міндеттемесін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шараларға қатысып, онда негізгі бастамаларды көтеріп, елдің тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстырды. Министрлік азық-түлік секторын трансформациялау үшін климаттық қаржыландыруды тартуға бағытталған Fast (Food and agriculture for Sustainable Transformation) серіктестігінің ресми қатысушысы болды. 

Сонымен қатар, министрлік Бакудегі "Гармония" бастамасына қолдау білдірді, бұл фермерлердің, соның ішінде әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. COP29 алаңында АШМ түркі мемлекеттері ұйымының климатқа төзімді ауылдары форумын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл форум тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу және климаттың өзгеруінің салдарын азайту бойынша бірлескен стратегияларды әзірлеу үшін платформа болады. 

Вице-министр FAST, "Гармония" және климатқа төзімді ауылдар форумы сияқты бастамалар, ең алдымен, халықаралық қаржыландыруды тарту арқылы климаттық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті. 

АШМ агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға және ауылдық аумақтардың климаттық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы