АШМ басшысы субсидия саласындағы реформаларды енгізу келесі жылға қалатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты.
Қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқасы дайындалды. Олар жұмыс тобының отырысында бірнеше рет талқыланды. Алайда әлемдік азық-түлік нарығындағы оқиғалар мен соңғы оқиғалар салдарынан, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында субсидиялаудың жаңа тетігін енгізуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Тиісінше, АӨК-ні мемлекеттік қолдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, - деді Қарашөкеев.
Министр атағандай, республикалық бюджетті нақтылау кезінде АӨК субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.
Ол өткен жылғы қарыздарды өтеу мен АШМ өнімдерін өндіруге арналған техникалардың бағасының өсуінің салдарын жоюға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдар субсидиялау тетіктерін жандандырып, олардың толық игерілуін қамтамасыз етуі керек. Мемлекет субсидиялаудың ақпаратттық жүйесін енгізуді пысықтап жатыр. Қазір ол Ақмола облысында тестілеуден өтіп жатыр. Оны кейін барлық республика бойынша енгізу көзделіп отыр, - деді ол.