Әшімбаевтың 18-ге толған қызы алғаш рет дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысып, дауыс бергеннен кейін БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді. 

Референдумға мен жұбайыммен келдім. Биыл біздің қызымыз 18-ге толып жатыр. Алғаш рет дауыс беруге келді. Ол еліміздің кез келген азаматы ретінде дауысын беріп жатыр. Қалай дауыс беріп жатқанын білмейміз. Оны талқылаған жоқпыз. Себебі оны әр азамат өзі шешуі керек. Өзінің болашағына қатысты дұрыс шешім қабылдады деп сенемін, - деді Әшімбаев. 

Сенат спикері Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде дауыс берді. Референдумның бұл учаскесінде осыған дейін Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Аида Балаева дауыс берген болатын.

Бұл учаскеге 3511 сайлаушы келеді деп күтіліп отыр.  Аталған учаскеде 10 халықаралық бақылаушы, 10 БАҚ өкілі және 9 қоғамдық ұйым бар.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы