Әшімбаев вице-спикер Нұрлан Әбдіровті жаңа лауазымымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев вице-спикер Нұрлан Әбдіровті жаңа лауазымымен құттықтады.

Осы аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Парламент Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылып, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған болатын. 

Мәулен Әшімбаев Нұрлан Әбдіровті әріптестерінің атынан жаңа лауазымды қызметімен құттықтады.

Нұрлан Мәжитұлы тәжірибелі және білікті мемлекет қайраткері. Соңғы 1,5 жылда Сенат төрағасының орынбасары ретінде Президентіміздің реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге біраз еңбек сіңірді. Сенаттың көптеген бастамасын және іс-шарасын жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Палатаның заң шығару қызметін тиімді үйлестіре білді, - деді ол.

Палата спикері Нұрлан Әбдіровке Сенаттың вице-спикері ретінде атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, әріптестерінің атынан Құрмет грамотасымен марапаттады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы