Әшімбаев үкіметтің жұмысына қатысты пікір білдірді

Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдері сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа "Үкімет отставкаға кете ме?" деп сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің қатысуымен 7 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Біріншіден, мен мұндай мәселелерге жауап беруге құзырлы емеспін. Кез келген нәрсеге түсініктеме беруім орынсыз болар еді. Бірақ, жалпы алғанда, менің ойымша, үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Өз міндеттерін орындап жатыр. Әрине, кемшіліктер бар. Жалпы, Мемлекет басшысы бастаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін үкімет қажеттінің барлығын жасап жатыр, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы