Әшімбаев: Құқық қорғау органдарындағы зорлық-зомбылықтың көбі сотқа жетпейді

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сенат төрағасы құқық қорғау органдарының ғимараттарындағы бейнебақылау камераларына қатысты пікірін білдірді. 

Айтуынша, барлық іс-әрекеттің тіркелуі заңсыз әрекеттерді дәлелдеуге көмек болады. 

Қылмыстық кодекске азаптағаны үшін жазаны күшейтетін ережелерді енгіздік, бұл – өте дұрыс деп санаймын. Құқық қорғау органдарының әрекеттеріне, кейбір қызметкерлердің зорлық-зомбылығына қатысты көптеген шағым түсетінін айта кету керек. Сенатқа да ондай шағымдар келуде. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істердің басым көпшілігі сотқа дейін жетпейді, өйткені зорлық-зомбылық, азаптау сынды орын алған фактілерді дәлелдеу, анықтау өте қиын. Осыған байланысты, біз жақында ғана прокуратурамен бірлесіп құқық қорғау органдарының барлық қызметтік ғимараттарына бейнебақылау орнатуды талап ететін ереже қабылданғанын білеміз, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының ғимаратында бейнебақылау орнатудың маңыздылығын айтқан еді. Президент бейнебақылауда көрінбейтін жерлер болмауы тиістігін ескертті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: news.myseldon.com
Өзгелердің жаңалығы