Әшімбаев өрт кезінде жолды бөгеген көлік мәселесіне қатысты пікір білдірді
Төтенше жағдайларда тиісті қызметтердің өз міндеттерін кедергісіз атқаруына мүмкіндік беретін тетіктер қажет.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өрт сөндірушілердің өкілеттігін кеңейту туралы депутаттар ұсынысына пікір білдірді. Астанада болған қайғылы оқиғадан кейін құтқарушыларға шлагбаумдарды бұзып, жолды бөгеген көліктерді ығыстыруға құқық беру мәселесі көтерілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат кулуарында Әшімбаев бұл оқиғаның салдарынан балалар қаза тапқанын айтып, мұндай жағдайлар төтенше қызметтердің жұмыс тәсілдерін қайта қарауды талап ететінін атап өтті.
Әрине, төтенше жағдайларда тиісті қызметтердің өз міндеттерін кедергісіз атқаруына мүмкіндік беретін тетіктер қажет. Мұнда белгілі бір нюанстар бар, бөгде мүлік мәселесі бар. Алайда сөз адам өмірі мен қауіпсіздігі туралы болғанда, қызметтердің өз функцияларын кедергісіз орындауына жағдай жасайтын нақты механизмдер болуы тиіс, – дейді Мәулен Әшімбаев.
Ол сондай-ақ заңнамаға енгізілуі мүмкін өзгерістерді жан-жақты пысықтау қажет екенін айтады. Яғни, қандай жағдайда және қандай көлемде бөтен мүлікке қатысты әрекеттерге жол берілетіні нақты регламенттелуі тиіс. Сенат төрағасының пікірінше, мұндай өзгерістер қажет болуы мүмкін.
- Қазақстанның темір жолдарына жасанды интеллект енгізіледі 11:38
- 1 шілдеге дейін жаңартылған 30 вокзал ашылады 11:21
- Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті 10:43
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54