Әшімбаев: Денсаулық туралы кодекс медицинаның өркендеуіне үлес қосады деп сенеміз
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасына қатысты пікірін білдірді.
Мәулен Әшімбаев бүгінгі Сенат отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасы Сенаттың барлық комитетінде жан-жақты талқыланып, пысықталды. Қоғамда талқыналып жатқан өзекті мәселелер қаралып, ұтымды пікір айтылды. Соған сәйкес Сенат "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасына және ілеспе жобаға бірқатар маңызды түзету енгізді. Олар ең алдымен мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Денсаулық сақтау саласына қатысты тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Жалпы аталған кодекс және заң жобасы ұлт денсаулығын нығайтумен қатар, медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау сияқты бірқатар маңызды басымдықты қамтиды. Алдағы уақытта кодекс жобасы отандық медицинаның өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз, - деді ол.
Бұған дейін Сенат отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасы қаралып, ҚР Денсаулық сақтау министрінің баяндамасы тыңдалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы