Әшімбаев Діндер съезі бірегей оқиғаға айналғанын айтты

Елордада Діндер съезінің отырысы пысықталып жатыр, хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХ отырысы басталды.

Парламент Сенатының төрағасы- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев форумға қатысты ұйымдастыру мәселесін пысықтау үшін жиналғанын айтты.

Биылғы съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналды. Бұл коронавирус пандемиясынан кейін өткізіліп отырған алғашқы форум. Індет кезінде бізге диалог және тікелей қарым-қатынас жетіспегені сөзсіз. Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениетаралық мәселелерді бірлесіп қарауға, әлемді алаңдатқан проблемаларды қарауға үлкен мүмкіндік береді,- деді Әшімбаев. 

Сенат төрағасы форумға қатысатын тұлғаларды тізіп берді.

Ватикан басшысы, Рим Папасы Франциск бүгін елордамызға келеді. Бұл форумға ол алғаш рет қатысып отыр,- деді ол.

Сондай-ақ  ол Әл-Азһардың жоғарғы имамы, Израильдің бас сефард раввині, Израильдің Бас Ашкенази раввин, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы қатысатынын атап өтті.

Айта кетейік, съезге 300 БАҚ тіркелген. Рим папасының өзімен 80 журналист келеді деп күтіліп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы