Әшімбаев депутаттар 500-ден астам кездесу өткізгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Спикер Мәулен Әшімбаев айтты.  

Сенат жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз етіп жүрген аппарат қызметкерлеріне де ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ БАҚ қызметкерлерін, журналистерді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтай отыра, жан-жақты ақпарат беріп жүргені үшін алғыс айтамыз, - деді ол. 

Әшімбаев депуттар шалғай ауылдарда 500-ден астам кездесу өткізгенін айтты. 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында заңдарды әзірлеуге  және талқылауға азаматтар мен МЕҰ өкілдері тұрақты қатысып келеді. Бұл ретте Сенат жанынан құрылған жас сарапшылар клубының жұмысын атап өткен жөн. Осы сессияда сенаторлар кеңесі мен мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес жұмысын жандардырды. Осылай шаралардың арасында тұрақты диалог орнады, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Ол атағандай, сессия барысында депутаттар 140-тан астам сауал жолдаған. 

Сессия жұмысы аяқталғанымен, депутаттар жұмысты жалғастырады. Сіздер өңірлерге барып, Мемлекет басшысының реформаларын түсіндіресіздер. Жазда да заң қабылдау жұмыстары жүзеге асырылады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы