Әшімбаев: Бұл – отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейтілді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының барлық ауданында Әнұран бір мезгілде қосылады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы