Әшімбаев ауыл мен қала оқушыларының білімінде алшақтық барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ауыл мен қала оқушыларының білімінде алшақтық барын айтты.

Өкінішке қарай, «қасіретті қаңтар» оқиғасы жағдайы жасалмаған жастардың проблемасы қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді. Сол кезде көшеге шыққан жастардың көбінің сапалы білімі, тұрақты жұмысы және табысы болмағаны белгілі. Осындай жастарымызды әртүрлі диструктивті күштердің қаншалықты оңай пайдаланып кете алатынын да көрдік. Бұл біз үшін ең маңызды сабақ болды, - деп айтты Сенат спикері.

Сөзінше, тиімді жастар саясаты - мемлекеттің беріктігі мен тұрақталығының басты шарты.

Осы орайда елімізде жастарға қатысты жүйелі әрі кешенді шешімдерді талап ететін бірқатар өзекті әлеуметтік-экономикалық проблема бар. Ең алдымен ол қолжетімді, сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесі. Қазір ауылдық және қалалық жердегі білім сапасында айтарлықтай алшақтық бар екені жасырын емес. Оны ҰБТ нәтижелері де көрсетіп отыр. Пандемия кезінде интернетке қолжетімділік қала мен ауылда біркелкі болған жоқ. Оның салдары алшақтықтың тағы да ұлғаюына әкеліп соқтырды, - деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы