Асхат Жұмағали Ресей Федерациясының елшісімен кездесті

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында екі ел арасындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, трансұлттық жемқорлық схемаларына қарсы күрес және қылмыстық қудалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар шеңберінде тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері қозғалды.

Асхат Жұмағали ТМД елдерінің Мемлекетаралық кеңесі шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функцияларын жүзеге асыратын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасымен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Аталған институт өзекті сын-қатерлерді бірлесіп шешу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруді және бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға өзара ұмтылыс білдірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Өзгелердің жаңалығы