Асхат Оралов: Конституция – біздің ортақ болашағымыздың негізі

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті отандастар, баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! 

Осынау мерекеде және барлығымыз үшін өте маңызды күнде әрқайсыңызға денсаулық пен амандық, елімізге – өркендеу мен бейбіт аспан тілеймін. Қазақстанның әрбір азаматы қандай да бір дәрежеде Отанымыздың дамуына өз үлесін қосады. Оның ішінде біздің рухани мұрамызды сақтайтын және насихаттайтын мәдениет қызметкерлері, дені сау ұлтты қалыптастыруға үлес қосатын спорт саласындағы мамандар және елімізде жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашатын туризм саласындағы мамандар бар.

Конституцияға енгізілген қағидаттар - біздің әрқайсымыз өзімізге ұнайтын іспен айналыса алатынымыздың, азаматтық құқықтарымызды іске асыра алатынымыздың және пайдалана алатынымыздың кепілі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - ел тәуелсіздігінің одан әрі дамуын айқындайтын басты рәміздердің бірі. Бұл біздің ортақ болашағымыздың негізі. Қорытындылай келе, жерімізде әрқашан бірлік пен келісім орнағанын қалаймын!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы