Асхат Аймағамбетов тіл білу дағдыларын өлшейтін рейтингтер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы телеграм каналында жазды.

Жақында мен халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы жазып едім. Бұл жазбаның мән-мағынасы Қазақстанның орнын көрсету немесе міндетті түрде елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді. Дегенмен осы жазбаның астындағы пікірлер оқырманның көпшілігі басқаша түсінгенін, көбінесе Қазақстанның IELTS нәтижелері туралы ақпаратты ғана оқығанын көрсетті. Бірақ мен халықтың тілдік дағдыларын бағалайтын бірнеше рейтингтің диаметральді қарама-қарсы нәтижелерін арнайы көрсетуге тырыстым. Мақсат осы рейтингтердің әдістемесін түсіндіру болды. Олардың қандай критерийлер негізінде қалыптасатынын, әрбірінде авторлық әдістеме бар екенін және кейде олардың атауларын немесе қорытындыларын оқығанда бұл рейтингтердің біздің түсінгенімізден әлдеқайда басқаша болатынын көрсету маңызды болды. Сол себепті әдістемені түсіну және көру маңызды екенін тағы да еске салғым келеді, - деді Білім министрі.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов білім саласындағы әртүрлі рейтингтер және зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісуді жалғастыратынын және рейтинг қаншалықты репрезентативті және нақты екенін әр оқырман өзі шешуі тиіс екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы