Асхат Аймағамбетов студенттердің стипендиясы тағы екі есе өсетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік университеттер бұдан былай жөндеу жұмыстары мен жалақы шығындарына, материалдық-техникалық базаны жаңартуға бюджеттен қаражат жұмсамайды.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырсында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай тағы да екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе артады, – деді министр.
Ол елдегі ең ірі 28 мемлекеттік оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, корпоративті басқару жүqесіне көшкенін еске салды. Осының арқасында бұл оқу орындарында былтырдан бастап басты шешімдерді директорлар кеңесі қабылдайтын болған.
Еліміздің университеттерінің бәрі жан басына шағып қаржыландыру жүйесіне көшті. Университеттерді қанша талапкер таңдаса, сол мөлшерде ғана мемлекет тарапынан грант, яғни қаражат алады. Сәйкесінше, біздің мемлекеттік жоғары оқу орындары жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалақыға, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Олар жекеменшік университеттер сияқты тек студенттердің таңдауына сәйкес жан басына шағып қаржыландырылады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқашқа заманауи маммографиялық жабдықтар әкелінді
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы