Асхат Аймағамбетов СҚО-дағы Астрахан ауылдық мектебінде болды
Бұл туралы Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеусеттік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің барлық аймағындағы мектептерге, балабақшаларға, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына жиі баруға тырысамын. Жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болғанымда Астрахан ауылындағы мектепте болдым, - деп жазды ол.
Министр кемшіліктер анықталған барлық мектепті бақылауда ұстайтынын айтты.
Сапар қорытындысы бойынша облыстың білім басқармасы басшысына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді. Бүгін ол биыл мектепте биология кабинетін жаңа модификациямен жабдықтау, көркем әдебиет, мектеп оқулықтарын сатып алу, ішкі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп жиһаздарын сатып алу, мектептің жылы дәретханаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу және ғимаратты күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады. Сапар барысында кемшіліктер анықталған барлық мектепті бақылауда ұстап, оларды жою жұмыстарын қамтамасыз етеміз - деп жазды министр Асхат Аймағамбетов.