Асхат Аймағамбетов «Ғылым және білім» саласының патриотын марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумында «Ғылым және білім» саласының патриоттары марапатталды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Ғылым және білім» саласы бойынша «Жыл патриоты» Асхат Жұмабековты марапаттады.
Асхат Жұмабеков білім беру зерттеулерінің Еуропалық Ассоциациясының еуропалық байқауының жеңімпазы.
Сонымен қатар физик, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тректік мембраналық технологияларды дамыту жөніндегі инженерлік бейіндегі зертхананың жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Максим Здоровец те «Жыл патриоты» атанды.
Оған бұл номинацияны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.
Бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закария да марапат алған болатын.
Одан бөлек, патриоттар форумында сегізінші қабаттан үш жасар қызды өз өмірін қатерге тігіп баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев та марапатталды. Сондай-ақ «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» бағыты бойынша Ұлан Мырзабай «Жыл патриоты» атанды.
Сонымен қатар «Технология және бизнес» номинациясы бойынша Өркен Мамырбаев марапатталды. Ол Phillips компаниясымен бірге қазақ тіліндегі сөздерді мәтінге айналдыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеген. Бұл технология қазақ тілін ақпараттық кеңістікке интеграциялау және дамыту үшін тұңғыш рет жасалды.
Өркен Мамырбаевқа марапатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин табыс етті.
Одан бөлек, кәсіпкер және меценат Сабыржан Акбаров та осы бағыт бойынша номинант атанды. Ол 2021 жылы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан пайда болған апат кезінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсеткен. Сондай-ақ былтыр қуаңшылыққа байланысты жем-шөп тапшылығы кезеңінде Маңғыстау облысының тұрғындары үшін шөп жинауға көмек көрсеткен.