Асхат Аймағамбетов: Басшылар мен ұстаздар қазірден дайын болуы керек
Жайлы мектептер қалай салынып жатыр? Мәжіліс депутаттары өңірлерге жұмыс сапарында Қарағанды облысында салынып жатқан бірнеше "Жайлы мектептің" құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жайлы мектептер қалай салынып жатыр? Мәжіліс депутаттары өңірлерге жұмыс сапарында Қарағанды облысында салынып жатқан бірнеше "Жайлы мектептің" құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат Асхат Аймағамбетов бұл ұлттық жобаны және оның шеңберінде салынатын мектептер тізімін министрлікте жұмыс істеген уақытында толығымен әзірлеп, Үкімет қаулысымен бекіткенін атап өтті.
Мектептердің жабдықтары мен зертханаларын, құрылыс материалдарын ең жоғары талаптарға сәйкес енгіздік. Спортзалдардың саны басқа мектептерден әлдеқайда көп, мектептің дизайны ерекше, тіпті бастауыш пен ересек сыныптардың бөлек блоктарда оқуы сияқты мәселелер қаралған. Бастысы, осындай керемет мектептер мегаполистерде ғана емес, шалғайдағы ауылдардың өзінде салынады. Ендігі мақсат — Президенттің бұл мега жобасын сапалы іске асыру, - деді мәжілісмен.
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, Қарағанды облысында 18 жайлы мектеп салынады.
Әкімдіктің айтуынша, инженерлік инфрақұрылым бойынша барлық мәселе шешілген, 10 мектепті жылдың соңына береміз деген жоспар бар. Біз аралаған объектілерде Шет, Бұқар Жырау аудандарында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Десе де, келесі жылға алаңдау бар. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, келесі жылдың құрылысы бойынша тендер әлі өткізілмеген екен, яғни құрылыс әзірше басталмайды. Сәйкесінше, жазғы уақытты, құрылыс маусымын пайдаланбай, келесі жылдың құрылысын уақытылы аяқтамау қаупі бар. Бұдан бөлек, осы мектептерде жұмыс істейтін мықты басшылар мен ұстаздар қазірдің өзінде дайын болуы керек. Осы мәселелерге уәкілетті органдар назар аударып, тез шешеді деген ойдамын, - деп айтты Аймағамбетов.
- Дональд Трамп жасанды интеллектіні дамытуды бәсеңдетуге қарсы шықты 20:29
- Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерилері бірлескен оқу-жаттығуға кірісті 20:11
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36