Ашаршылықтың 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: АШАРШЫЛЫҚ зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.
Қазақ тарихындағы сұрапыл ақтаңдақ жайлы жиынды Парламент Сенаты, Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Жиын барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Талас Омарбеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Зиябек Қабылдинов, Парламент Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының профессоры, жазушы, кинодраматург, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай және басқа да тарихшылар арнайы баяндама жасайды.
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы - Мұрат Бақтиярұлының модераторлығымен алқалы жиын Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатыр.
Жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбет, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және басқа да тарихшылар, алаштанушылар, зерттеуші ғалымдар қатысып жатыр.