Кеше 2026, 22:24 Фото: freepik

Асханадағы жанжал: Талдықорғанда әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Талдықорғанда әйел адам ер адамның шабуылы салдарынан қаза тапты. Қайғылы оқиға асханада болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрмыстық жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен әйел дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған дерек бойынша полиция адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел түрде ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.