Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда? – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек, - деді ол. 

Тоқаев «СҚ Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттігін айтты.

Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда? - деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ  Қазақстан Президенті індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажеттігін айтты.

Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек. Себебі, бұл – түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы