Аша Матай ұлттық рухты көтергені үшін ерекше марапатқа ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал тележүргізуші Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен марапатталды.


Өзімнің инстадостарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым. Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін «Матай Бөрібай батыр» қорының ұйымдастыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы медальдің арты біздің бөрі таңбамыз, - деп жазды Аша Матай Instagram-дағы парақшасында.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы