Қашқын сержант 29 автоматты сатқысы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі жабдықтарды түгендеп жатыр.

Түркістан облысында қашқан әскери қызметкер мен оның достары 29 автомат, 28 пистолет және екі пышақты сатқысы келген. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Үкімет отырысынан кейін мәлімдеді.

Санжар Әділов Шымкент маңындағы әскери бөлімнен ұрланған қару фактісі бойынша істің мән-жайын айтып берді.

Ішкі істер министрлігінде 291-бап ("Қару ұрлау"), 453-бап ("Немқұрайлылық") бойынша бірнеше іс қозғалды. 19-нан 20-на қараған түні әскери қызметкер – келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан сержант Балғымбай 1995 және 1996 жылы туған екі досымен 29 автомат, 28 пистолет және екі пышақты ұрлаған болатын - деді Әділов.
Айтуынша, олар екі пистолетті 120 мың теңге сатқан. Бірақ құқыққорғау қызметкерлері оны тауып, тәркілеген. Қалған қарулар оның достарында болған.
Аталған факті бойынша, үш лауызымды тұлға, атап айтқанда, дивизия командирі, шұғыл кезекші, сондай-ақ келісімшарт қызметіндегі қызметкер ұсталды. Олар әскери әскери қызметтегі салғырттығы үшін және қарудың ұрлануына жол бергені үшін қамауға алынды, - деп қосты Әділов.

ІІМ өкілі қазір Қорғаныс министрлігі әскери бөлімшеде жабдықтарды түгендеп жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, әскери бөлімнен сержант қару ұрлап қашып, кешкісінұсталған болатын. Ал 24 ақпан күні сержанттың сыбайластары ұсталғандығын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы