Бүгiн 2026, 11:26 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қызмет ету мерзімі 40 жыл болатын жолдар саламыз – министр

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев транзиттік дәліздерде жол жабынын дұрыс таңдау маңызына тоқталды.

Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев транзиттік дәліздерде жол жабынын дұрыс таңдау маңызына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта асфальт-бетон жабыны 8 тоннаға дейінгі осьтік жүктемеге есептелген. Көп интенсивтік қозғалысты және ыстық кезінде асфальт шыдамайды, - деді ол.

Министр осыған байланысты жазғы мерзімнің күндізгі уақытында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылатынын, ал бұл өз кезегінде транзиттің дамуына кедергі келтіретінін атады.

Ал цемент-бетон жабыны ауыр жүктемеге төзімді. Қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін жетеді, - деді министр.