Әсет Исекешев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтап, ырыс-береке, тыныштық тіледі.
Наурыздың 13-нен 14-не қараған түнде Ай мен Амал жұлдызы бір сызықтың бойында теңеседі екен. Бұны халқымыз Ай мен Амалдың көрісуі деп атаған. Соған байланысты Амал мерекесі, көрісу дәстүрі шыққан. Бұл ғылыми дәлелденген, - деді ол.Әсет Исекешев қазақстандықтарды бүгінгі қазақтың керемет салт-дәстүрі Көрісу күнімен құттықтады.
Жылдан аман шығып, бір-біріне құшақ жайып, кеуде тосатын күн. Осындай күнге жылда аман-есен жетейік. Дендеріңіз сау отбасыларыңыз аман болсын. Бауырымыз бүтін болсын. Ақ мол болып ырыс-береке, тыныштық әкелсін жылымыз! – деп жазды Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Facebook-те.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы