Әсет Ерғалиев жаңа 3 ұлттық жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. 

Сіздерге Ұлттық экономика министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жасаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» сияқты 3 ұлттық жобаны таныстырғалы отырмын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» іс-шаралары Ұлттық жобаларда көзделген, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің мәслихатында. 

Министрдің атап өтуінше, Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы 5 бағытты қамтиды. Бұл - индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия және энергетика кешендерін, геология саласын дамыту, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілету. 

Осы бағыттарды іске асыру шеңберінде 6 міндет, 13 көрсеткіш және 56 іс-шара көзделген, - деп атап өтті Әсет Ерғалиев. 

Оның сөзінше, Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы