Экономика министрі өңірлердің даму деңгейін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.
Ол 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы даму деңгейін айтты.
Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 4 өңірде – Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалуда. 6 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсу байқалады. Олар: Алматы қаласы, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстары, – деді ол.Сонымен қатар министр 5 көрсеткіш бойынша оң өсім екі өңірде екені айтты. Олар Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.
Ал Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында төмен көрсеткіш тіркеліп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы